2022 жылғы 15 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК және Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жұмыс берушілер күні» аясында «Түлектерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша білікті кадрлар даярлау» атты іс-шара өтті, оған Астана қаласының Бизнес өкілдері, лифт компаниялары, «Атамекен» ӨКП, «Талап» КеАҚ және БАҚ өкілдері шақырылды.
Іс-шараға қатысушылар түлектерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен білікті кадрларды даярлау форматтарын талқылады. Іс-шараның модераторы техникалық колледж директоры А.Б. Құрманқұлов болды. Кадрларды даярлаудың өзекті тақырыптары бойынша дуальді оқыту, нысаналы мемлекеттік тапсырыс, кәсіпорындардың қамқорлығы, кәсіпорындарда педагогтердің тағылымдамасы, тәлімгерлік және бизнес пен білім беру мекемесінің сындарлы диалогы шеңберінде өткізілді.
Кәсіпорындарға тәлімгерлерге ақы төлеу туралы бизнестің тілектері назарға алынды. Іс-шара жұмысының нәтижелері бойынша бизнес пен колледждің кадрларды сапалы даярлаудағы одан әрі ынтымақтастығы туралы шешім қабылданды.