Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың қаңтар айындағы Елге жолдауында Техникалық және кәсіби білім беру жобасын жүзеге асыру бойынша негізгі бағыт-бағдар айқындалып, алдағы жылдарға Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Осы орайда бүгінгі таңда техникалық және кәсіби білім берудің алдында үлкен міндеттер қойылып отыр. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК және «Архитектура және құрылыс» бейіні бойынша республикалық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Заманауи білімдегі тиімді серіктестік — білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру факторы» — атты республикалық онлайн-форум өткізілді. Онлайн-форумға қатысып, пікір білдірген қонақтар: саясаттанушы, қоғам қайраткері, «Қазақстандағы жаңа мамандықтар атласы» жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек «Жаңа мамандықтар атласы – жастардың болашағы» атты тақырыпта ең өзекті мәселе туралы айтып өтті. Атлас-бұл бір реттік жоба емес, ол еңбек нарығының 5-10 жыл көкжиегіндегі қажеттілігін ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады және кәсіптік бағдарлау жүйесінің құрауышы ретінде енгізілетін болады. Тиімді ақпараттық қолдаудың және Атлас нәтижелерінің кең таралуының арқасында Қазақстанның жас азаматтары өздерінің болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдау үшін сапалы өнімнің пайдаланушылары бола алады. Атлас оқушыларға, талапкерлерге, ата-аналарға болашақта жұмыссыздар мен біліктілігі төмен мамандардың қатарын толтырмас үшін нақты және ұзақ мерзімді перспективасы бар мамандықтарды таңдауға көмектеседі. Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы – бұл алдағы 10-15 жылға арналған перспективалы салалар мен кәсіптердің болжамды картасы. Ол бізге қандай бағыттар белсенді дамитынын, оларда қандай жаңа технологиялар, өнімдер, басқару практикасы пайда болатынын және жұмыс берушілерге қандай жаңа мамандар қажет болатынын түсінуге көмектеседі. ҚР БҒМ мен ҚР ЕХӘҚМ үшін Атлас білім беру жүйесін болашақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне озық бейімдеу бойынша Жол картасына айналады.
Сонымен қатар, колледждің әлеуметтік серіктестер басшылары, WSK жобасының жетекшісі, «Талап» КЕАҚ менеджері Омаров Эльнур Жумагелдиулы, «AilinEx» ЖШС директоры Тулепеков Валихан Жумабаевич, «ҚР лифт компаниялары қауымдастығы» ЗТБ БӨБ төрағасы Құттыбаев Нұрлан Сәрсенбайұлы спикер ретінде қатысып, өз пікірлерін білдірді. Форумға республиканың білім беру саласы қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми ұйым қызметкерлері, сонымен бірге «Архитектура және құрылыс» бейіні бойынша республикалық әдістемелік бірлестігінің мүшелері қатысты.