Блог ережелері

Құрметті блогқа кірушілер! 

Осы Қағидамен басшының ресми блог-платформасының жұмыс тәртібі – Интернет арқылы қызметтерді пайдаланушы халықпен интерактивті қарым – қатынас нысандары анықталады. Блог иелері блог-платформада орналастырылған электрондық мекенжай бойынша қызмет атқарады, орналасқан Блог-платформа: https://techcollege.edu.kz/, қазақ және орыс тілдерінде берілген. Сіздің сұрақтарыңызға жауап алуды тездету үшін, мәселенің мәнін нақты және қысқа баяндауды сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын, мемлекеттік органдар блогының материалдарынан жауап іздеген жөн. Сіздің сұрағыңызға сонда жауап бар болуы мүмкін,және сіз қажетті ақпаратты оңай аласыз. Сауатты жазуыңызды өтінеміз. Мемлекеттік тілді және ұлтаралық қарым-қатынас тілін құрметтемеу, оның ережелері мен нормаларын елемейтін өтініштер мазмұнына қарамастан бұғатталады.

Модератор сұрақтардың жалпы мағынасын бұзбай, өтініш мәтіндерін редакциялау, анық қателер мен грамматикалық қателерді түзету құқығын өзіне қалдырады.

Өтініш жарияланбайды (жүргізілмейді), егер ол:

  • – мемлекеттік құпияларды, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтиды;
  • – есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуды насихаттау элементтерін, алкогольді, темекі өнімдерін жарнамалауды, порнографиялық және сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпаратты қамтиды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттайды;
  • – қатерлер мен қорлау, жала жабу және субъективті сипаттағы теріс пікірлер мен талқылаудың басқа қатысушылары, нақты тұлғалар немесе ұйымдар туралы дұрыс емес мәліметтер бар, басқа этностар, конфессиялар өкілдерінің құқықтарына нұқсан келтіреді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзады, оларға кез келген нысанда зиян келтіреді;
  • – үшінші тұлғалардың жеке деректерін олардың келісімінсіз таратады;
  • – спам, жарнамалық ақпаратты қамтиды, коммерциялық мақсаттарды көздейді;
  • – кез келген қолданылатын құқық нормаларын бұзады;
  • – әдепсіз лексика және оның туындылары, сондай-ақ осы анықтамаға жататын лексикалық бірліктерді қолдануға арналған тұспалдар (әдепсіз лексика бар хабарлар автоматты түрде жойылады) болады.

Сізге бір сұрақ бойынша қайталанатын сұраулардан, сұралған сұрақтарға жауаптардың мазмұнын ұзын дәлелдермен және бағалаудан, басқа желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттерге, бейне файлдарға түрлі қолданбалар мен сілтемелерді қолданудан бас тартуыңызды сұраймыз. Әйтпесе, бұл сұрақтар мен сілтемелер модератор арқылы жойылады. Блогтық алаңда түскен өтініштер авторлары туралы ақпарат қатаң құпия болып табылады.

Rating
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ