Дуалды оқыту

Дуальды оқыту жүйесі бойынша колледждің қызметі

Колледжде дуальды оқыту жүйесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» No50 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

2023-2024 оқу жылында колледжде дуальдық жүйе бойынша екі мамандық бойынша білім алуда: 07321000 Лифтті басқару, эскалаторлар (түрлері бойынша) біліктілігі 3W07321001 Лифттер мен эскалаторлар электромеханигі (түрлері бойынша) және механикалық технология 01001. (түрлері бойынша) біліктілігі 3W07150102 Жалпы мақсаттағы машина машинисі. 19 шағын және орта бизнес субъектілері тартылды. Тағылымдамадан өтуге келісім-шарттар жасалды. Бұл кәсіпорындарда үздік түлектер жұмысқа орналасады.

Аналитикалық қорытындылар:

Дуальды оқыту жүйесі оқу үдерісінің сапасын арттыруға, кадрлардың біліктілік деңгейін жұмыс берушілер сұранысына жақындатуға, оқу мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.

Оқу жылы  Колледждегі студенттер саны  Дуальды формадағы оқушылар саны  Дуальды оқытумен айналысатын кәсіпорындар  
2023-2024г563248 (44 %)19

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дуалды оқыту

Дуалды оқыту жүйесінің элементтерін біз 2014 жылдан бастап, 10 ай оқу мерзімімен студенттер үшін енгізе бастадық. Колледж дуалды оқытуды енгізу бойынша тәжірибелік алаң болып табылады: 07321000 – «Лифт шаруашылығы эскалаторлар (түрлері бойынша)»; 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» 3w07150102 –«Кең бейінді станокшы».

           Бүгінгі таңда дуалды оқыту жүйесі – кәсіби-техникалық кадрларды даярлаудың ең тиімді түрі.

          Колледж кадрлық ресурстарды қалыптастыруға мүдделі қаланың табысты дамып келе жатқан кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді серіктестікпен қамтамасыз етілген, ол үшін дуальды оқыту туралы шарттарға қол қойылған:

–  “ҚР лифт компанияларының Қауымдастығы” ЗТБ БӨБ;

– “Локомотив құрастыру зауыты”АҚ.

     Оқу процесінде дуалды жүйе элементтерін іске асыруды біз мына мамандықтар бойынша инновациялық технологияларды меңгере отырып, осы процестің барлық қатысушыларының мүдделерін барынша келісуге және іске асыруға бағытталған әлеуметтік әріптестік арқылы ғана көреміз: 07321000 «Лифт шаруашылығы эскалаторлар (түрлері бойынша)» 3w07321001 «Лифт және эскалаторлар электромеханигі (түрлері бойынша)»; 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)».

           Білім беру процесінде жұмыс берушілердің рөлі деп санаймын:

1.Кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту.

2.Кадрларды даярлаудың дуальді жүйесінде “Кәсіпорын – білім беру мекемесі” өзара қарым-қатынасын регламенттейтін нормативтік базаның болуы.

3.Кәсіпорында студенттермен білім беру процесін жүргізуге қабілетті білікті персоналдың болуы.

Rating
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ