«Роботты жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбындағы қалалық пікірсайысы
Арнайы пән оқытушылары студенттердің шешендік өнерін және өз пікірін қорғау қабілетін дамыту мақсатында 2024 жылдың 18 қазанында «Роботты жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында қалалық пікірсайысын өткізді. Пікірсайысы 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) мамандығы бойынша Астана қаласы әкімдігінің техникалық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларының жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасының студенттері арасында өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Заман талабына сай, жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштасатын, өз ісіне сын көзбен қарайтын, өндірістік тапсырмаларды орындауға белсене қатысатын мамандардың жаңа буынын қалыптастыру.
Пікірсайысқа №18;№58;№65;№67;№40;№80 мектеп оқушыларынан құралған “Линия взгляда” мен “Лунаход-1” командалары және 40 — мектеп-лицейінен қонақ болып сынып жетекшілері Өміржан Ботагоз Қалибекқызы мен Кайыпназарова Гульзат қатысты.
Пікірсайыс соңында әр команда ойыншыларына
1. САМЫЙ ОСТРОУМНЫЙ ИГРОК
2. САМЫЙ УБЕДИТЕЛЬНЫЙ ИГРОК
3. САМЫЙ ЦЕЛЕУСТРЕМЛЕННЫЙ ИГРОК
4. САМЫЙ ЭРУДИРОВАННЫЙ ИГРОК
5. ЕҢ БЕЛСЕНДІ ОЙЫНШЫ
6. ЕҢ ТАПҚЫР ОЙЫНШЫ
7. ЕҢ СЕНІМДІ ОЙЫНШЫ
8. ЕҢ БЕЛДІ ОЙЫНШЫ
9. ЕҢ БІЛІМДІ ОЙЫНШЫ
10. ҮЗДІК ОРАТОР деген дипломдар беріліп Алғыс хат ұсынылды.
«Мектептен кейін, колледж» пилоттық жобасы
Техникалық колледж пилоттық жобаның алаңы болды.
Жаңа 2023-2024 оқу жылынан бастап Астана қаласының техникалық колледжінде «Колледж сынып» жобасы басталды: Астана қаласының №65, №67, №58, №40 10-сыныптарының 75-і оқушысы «дәнекерлеу негіздері» бойынша білім ала бастады. Жобаға қатысушы оқушылар 1,5 жылдан кейін колледжді бітіріп, бастауыш кәсіптік білім туралы диплом алуға мүмкіндік береді.
Тамаша инфрақұрылымы, жоғары технологиялық жабдықтары және жоғары білікті оқытушылар құрамы бар техникалық колледж өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда. Жалпы білім беретін пәндердің (химия, физика, математика) кәсіптік модульдермен өзара байланысы мен интеграциясы оқу-тәрбие үдерісіне, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, болып жатқан құбылыстарды тез қабылдауға ықпал етеді. Оқуда қолданбалы пәндер бойынша әлеуетті білімді пайдалану дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Келесі қыркүйектен бастап біз әртүрлі оқу бағыттары бойынша бірнеше колледж сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін мектептерде кәсіптік бағдар беру шаралары, ата-аналармен кездесулер, 9-сынып оқушыларының қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау мақсатында тестілеу, қанша бала қай мамандыққа оқығысы келетінін анықтау т.б. дайындық жұмыстарын қажет етеді.
Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 478 «Оқушылардың жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы» бұйрығы негізінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарын «Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында» жүзеге асырылатын 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электр және газбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша Астана қаласының жалпы білім беретін мектептеріне осы жобаны іске асыруды бастады.
Техникалық колледж Астана қаласындағы №40; №58; №65; №67; №80; №14 жалпы білім беретін мектептердің директорларымен осы жобаны жүзеге асыру бойынша келісім-шарттар жасалып, келісілді. Жалпы білім беретін мектептердің 75 оқушысын оқыту жоспарланды.
Бұл жобаны жүзеге асыру теория мен практиканы оңтайлы үйлестіру арқылы құзыретті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді, колледж бен кәсіпорындардың оқу-өндірістік базасын тиімді пайдалануды, сондай-ақ орта мектепті бітіргеннен кейін білім алушылардың өмірге бейімделуі мен әлеуметтенуіне жағдай жасайды.
Күтілетін нәтижелер:
1.Білім алушылардың мамандық бойынша кәсіптік қызмет түрлерін жан-жақты дамыту: 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электр және газбен дәнекерлеуші, жалпы және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру, Мемлекеттік білім стандартына сәйкес қажетті дағдыларды меңгеру.
2. 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электр және газбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алушыларды өндірістік жағдайларға үйлестіру және бейімдеу:.
3. Мамандық түлектерін бейімдеу және әлеуметтендіру: 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электр және газ дәнекерлеушісі, өмір бойы кәсіби құзыреттілігін арттыруға дайын болу.
4. Жалпы білім беретін пәндердің (химия, физика, математика) кәсіптік модульдермен байланысы мен интеграциясы, қолданбалы пәндер бойынша білімді пайдалану дағдыларын, оқу-тәрбие процесін кеңейтіп байытады, ой-өрісін кеңейтеді, оқытылатын материалдың, болып жатқан құбылыстарды жылдам қабылдауға және оның дамуына ықпал етеді.