«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығын оқытуда заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері» атты вебинар.

14 желтоқсан 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің МКҚК «Техникалық колледж» жанындағы «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» бейіні бойынша республикалық әдістемелік бірлестігінің кезекті «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығын оқытуда заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері» атты вебинар өткізілді. Мақсаты: теория мен практиканы ұштастыру, кәсіптік шеберліктерін дамыту, жетілдіру, тәжірибе алмасу. Вебинарға әлеуметтік серіктестіктеріміз Қазақстандағы Mitsubishi Electric компаниясы, «ҚР лифт компаниялары қауымдастығы»,  «Караганды Лифт» ЖШС және «АстанаПрофи» қалалық шаруашылық колледжі, «Шахтинск технологиялық колледжі» және «Техникалық колледжі» колледждің әдіскерлері мен арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері қатысты.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ