2024 жылдың 12 ақпан күні «ТжКББ-дегі медиация» жобасы аясында колледж педагогтеріне арналған «Жұмысты жақсы көңіл-күймен атқару және күйзеліске ұшырамау үшін ресурстарды қайдан аламыз?» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтерге медиация туралы ақпарат беру, қауымдастық шеңберін өткізу арқылы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету.
Сонымен қатар, колледж педагог-психологы Қалила Н.Д «Жақсы көңіл-күй» формуласы атты әріптестерге тренинг өтті. Семинар барысында қатысушылар педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынаста туындайтын келеңсіз жағдайларды сындарлы шешу мәселесін талқылап, шешім қабылдауға белсенді қатысу және ол үшін жауапкершілікті бөлісу жайлы өзара пікір алмасты.
Оқу-әдістемелік бірлестік тарапынан ұжымдағы психологиялық ахуалды сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Әдістемелік семинарға қатысушылар іс-шараның өзектілігін, әдістемелік қолдаудың тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



