Оқытушының кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі.

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу — тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс — әрекеттер мен шаралар жүйесі.  Ол әрбір педагогтың біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан — жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін — өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар. Педагогикалық ұжымның  әдістемедегі теориялық білімін дамыту және арттыру, оқу — тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты білім алушыны білім мен тәрбиеде  даму деңгейіне жеткізу.

 Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми — ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу — тәрбие жұмысын басқару, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

1. Оқытушыларға оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.

2. Оқытушыларды педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.

Әдістемелік жұмыс колледждің тұтас оқу үдерісінің маңызды компоненті.

Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс тиісті құжаттармен реттеледі:

— «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңымен;

— «Білім беру, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен;

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс білім беру мен тәрбие үрдісін қамтамасыз ету және жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды жасау және енгізу, колледж педагогикалық ұжымының біліктілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. 

Әдістемелік жұмыс жылдық жоспарға сай жүргізіледі.

Колледждің әдістемелік тақырыбы:

Нәтижеге бағытталған заманауи педагогикалық технологияларды

оқу үдерісінде қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру.

Әдістемелік қызметтің мақсаты:

Педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Міндеттері:

— педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;

— функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда интерактивті және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану;

— білім беру үдерісін электрондық оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру;

— оқытушының кәсіби қызметінің нәтижелерін сараптау;

— озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы.

Текст +фото

Арнайы пәндер және ОӨШ циклдық комиссиясы.

Текст+ фото

Жас оқытушылар мектебі.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ