«Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойынынан жарыс өтті.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 16 қарашада «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу күні қарсаңында «Құқық» ҚҚ «Астана қаласының жастар саясатының басқармасы» ММ қолдауымен 1-3 курс студенттері арасында «тоғызқұмалақ» бойынша спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға «Кәсіптік-техникалық колледж» және «Техникалық колледж» білім алушылары қатысты.
Спорттық іс-шараның ашылуына «Құқық» қоғамдық қорының төрағасы Ольга Владимировна Рыль «Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойыны, балалардың коммуникативтік, зияткерлік дағдыларын және қоғамдастық, қатыстылық сезімдерін дамытуға жағдай жасайтын спорт түрі екенін қорытындылады. Осылайша, Дүниежүзілік балалар күні диалог пен белсенді әрекет арқылы балалардың құқықтарын қорғауға және бүкіл әлемдегі балаларға қолайлы ортаны дамытуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ