«Отбасылық — тұрмыстық зорлық — зомбылық жасау кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2022 ж. 15 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжінде» МКҚК-да әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова және басшының оқу-тәрбие ісі- жөніндегі басшының орынбасары Алтынай Серікқызы, психолог Аяулым Үсенқызымен бірлесіп ұйымдастырған 1-2 курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды . Тақырыбы: «Отбасылық-тұрмыстық зорлық — зомбылық жасау кезіндегі жауапкершілік шаралары».
Дөңгелек үстелдің модераторы Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова қатысты. Білім алушылармен кездесудің негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық жұмыс жүргізу және қоғамдағы ер азаматтарды отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған субъектілерді жүзеге асыратын қыздар мен әйелдерге дұрыс көзқарас пен өзара қарым-қатынас мәдениетінің әдістерімен таныстыру болып табылады, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.
Кездесудің қорытындысы бойынша профилактикалық сипаттағы мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың пайда болу себептерін анықтау мәселелері талқыланып, анықталды, студенттерге шұғыл қызметтердің нөмірлерін сипаттай отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ