Студенттік парламент

Ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйек аралығында Техникалық колледжде 2021-2022 оқу жылына білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы ретінде Студенттік Парламенттік басқару жүйесі қолданысқа еніп, белсенді жастар арасында Колледж Президентіне сайлау өткізілді. Колледж Президенті сайлауы онлайн дауыс беру арқылы өткізіліп, 12 үміткер қатысты. Студенттік Парламент сайлауының қорытынды шешімімімен колледж Президенті -Еркін Нұрғали атанып, қалған білім алушылар Парламент құрылымының 8 фракция бағыты бойынша сайланды. Колледжімізде Студенттік Парламенттік құрылымының 8 фракция бағыты: 1.Құқық және тәртіп фракциясы 2.Ақпарат фракциясы 3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясы 4. Қамқорлық фракциясы (еріктілер) 5. Мәдениет және өнер фракциясы 6.Дебат қозғалысы фракциясы 7. Экология және еңбек фракциясы 8.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы Болашақта Студенттік Парламентке тағайындалған белсенді білім алушыларымыз, алға қойған жұмыстары мен жоспарларын асыруда жоғары белестерден көрінетініне сеніміміз мол.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ