2021 жылдың 22 қыркүйегінде «Ұлы дала өркениеттері» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының ең жас депутаты, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалының төрағасы, «Astana — Adaldyg alany» жобалық кеңсесі басшысының м.а. Жанділдаев Бақдәулет Болатұлымен «Жетістіктің тарихы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында Бақдәулет Болатұлы жастар қанатының қызметі, оның мақсаттары мен жастармен жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.
«Жас Отан» жастар қанаты Жастарды қоғамдық өмірге тарту, жастардың бастамаларын қолдау және олардың мүдделерін білдіру арқылы белсенді, патриоттық жастардың қалыптасуына ықпал етеді» –деп атап өтті Бақдәулет Болатұлы.
Әңгімелесу барысында қонақ студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды өз елінің білімді және мәдени азаматтары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымы бар адамдар болуға шақырды.