2020 жылы 09-сәуір күні колледжішілік Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…» атты қашықтықтан Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс екі бөлім бойынша өткізілді.
Сайысқа колледждің 1-2 курс білім алушылары арасынан 7 үміткер қатысты.
Үміткерлердің өнерлерін бағалау кезінде әділ-қазылар алқасы тарапынан сайысқа қатысушылардың: – көркем мәтінді оқу шеберлігіне; – дауыс мәнеріне; – киім үлгісіне; – өзін-өзі ұстай білу; – тіл тазалығына; – көркем мәтінді мəнерлі орындауына басты көңіл аударылды. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу бөліміне – 7 білім алушы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» атты номинация бойынша қазақ топтары арасында:
Бас жүлде- ЛЭ-219 тобының ІІ курс білім алушысы Төленбек Ерұлан;
1 орын- ЛЭ-219 тобының ІІ курс білім алушысы Татыбекова Ақбота;
2- орын – БЖЭ-145 тобының І курс білім алушысы Сериков Токтар;
3-орын –ЛЭ-122 тобының І курс білім алушысы Абдукеримов Курванжан иеленді.
Әншілік қабілетін айқындау: Абай әндерін орындау (1 ән). «Ән-көңілдің ажары» атты номинациясы бойынша сайысқа – 1 білім алушы қатысты.
1-ші орынға ие болған – БЖЭ-145 тобының І курс білім алушысы Сериков Токтар.
Сайыс жеңімпаздарына алғыс хат және мадақтамалар топ жетекшілер почтасына жіберілді.