«Адалдық дүкені» ашылды. «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді»

2019 жылдың 12 ақпан күні колледжімізде «Адалдық дүкені» ашылды.

«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» –  демекші, адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашан да адамның бойында адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.

 «Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуда қоғамдық сананы өзгерту маңызды. Бұл бағытта сатушысы жоқ “Адалдық дүкендерінің” ашылуы үлкен жаңалық болды. Дүкенге еш бақылау жасалмайды және тауар алған адам да ақшаны өз еркімен төлеп кетуі тиіс.

«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Осы мақсатта, колледжімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Мұндай әрекеттер білім алушылардың  жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар, өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық. Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ