«Энергетика және телекоммуникациялық технологиялар» панельдік сессиясы

2023 жылдың 24 сәуірінде «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» қалалық форумы аясында «Энергетика және телекоммуникациялық технологиялар» панельдік сессиясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді жаңғырту шеңберінде ТжКБ жетекшілерінің көшбасшылық әлеуетін арттыру және жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту. Панельдік сессия жұмысына Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, ТжКБ әлеуметтік серіктестері, «Кәсіптік-техникалық колледж» МКҚК, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК, «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Ақмола колледжі» ЖШС, «URBAN COLLEGE» ЖШС, «Басқару колледжі» ЖШС, «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС, «Астана-Профи» қала шаруашылығы колледжі» мекемесі, бизнес қауымдастықтардың жетекші мамандары қатысты. Тақырыптық алаң академиялық дербестікті ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Талқылау барысында қазіргі жағдайдағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің міндеттері, мамандықтар бойынша қосымша қысқа курстардың ұйымдастырылуы айтылды. Сондай-ақ, мамандықтар бойынша әзірленген бірегей жұмыс оқу бағдарламалары ұсынылды.

Қызу серіктестер диалогы соңында Техникалық колледж базасында ұйымдастырылған Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған WorldSkills стандарттары бойынша Астана қаласы және аймақтар лифт компаниялары арасында «Кәсіби мамандар» кәсіби ашық салалық корпоративтік аймақаралық чемпионатының нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өткізілді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ