Қазіргі таңда педагогикалық қызметті өзінің шығармашылық дамуы мен жетістіктерін қолдану арқылы және озық педагогикалық тәжірибе арқылы жүзеге асыра алатын оқытушының қажеттілігі артып отыр. XXI ғасыр заман талабы бойынша педагогтен жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі.
Педагогикалық кадрлардың сапалық деңгейі білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені барлық басқа бөлшектерді енгізу тікелей білім беру жүйесіндегі адами ресурстарға байланысты.
Педагогтер өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы және міндетті. Біліктілікті көтеру көрсеткіші мекеменің аттестациялау және мемлекеттік аккредиттеу кезіндегі бағалауының маңызды бөлігі болып табылады.
15.02.2023ж. Техникалық колледж оқытушылары үшін «2023 жылы педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері»тақырыбында семинар өткізілді.
ҚР Білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарына өзгерістер енгізілді.
БҒМ-нің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 Бұйрығына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында.
Колледж әдіскері Н.К. Тогайбаева ТжКБ ұйымдарының педагогтері үшін өзекті болып табылатын ережелердің негізгі өзгерістеріне назар аударды.
Келесі өзгерістер атап өтілді:
— біліктілік санатына пайыздарды арттыру
— зейнеткерлік жасқа дейінгі оқытушыларды аттестаттаудан босату
— арнайы пәндер оқытушыларын ПББ-дан босату
— 30 жыл немесе одан да көп педстажы бар әріптестер туралыиссалы шешім
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында колледждің 10 оқытушысы жаңа ережелер бойынша аттестаттау рәсімінен өтуді жоспарлап отыр.