«Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі» ЖШҚ МКК, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат, анықтама телефондары: 8 (7172) 91-84-60, 91-84-62, электрондық мекенжайы: proftex4@mail.ru, бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
1. Бөлім меңгерушісі (мемлекеттік тілді білетін), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 200 000 теңгеден ары қарай.
Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат.
Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімдерге сәйкес өткізіледі.
Кәсіпорынның қызметі техникалық және кәсіптік білім беру болып табылады.
Техникалық және кәсіптік ұйымдарда бөлім меңгерушісінің лауазымдық міндеттері:
педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
11) түйіндеме;
12) қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады. Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6), 7), 8 ) және 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы тармақтың талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Республика заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар колледждің ресми сайтында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижені беру Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат мекенжайы бойынша қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 91-84-60, 91-84-62
Құжаттарды қабылдау мерзімі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, 2023 жылғы 27 қыркүйектен 2023 жылғы 5 қазанды қоса алғанда, жүргізіледі, 2 (екінші) қабат, 215 кабинет