Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі» ЖШҚ МКК, бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі» ЖШҚ МКК, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат, анықтама телефондары: 8 (7172) 91-84-60, 91-84-62, электрондық мекенжайы: proftex4@mail.ru, бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

  1. Өндірістік оқыту шебері лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 159 626 теңгеден ары қарай.
    Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат.
    Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімдерге сәйкес өткізіледі.
    Кәсіпорынның қызметі техникалық және кәсіптік білім беру болып табылады.
    Техникалық және кәсіптік ұйымдарда Өндірістік оқыту шеберінің лауазымдық міндеттері:
    өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
    сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
    еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
    білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
    топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
    білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
    оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
    технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
    оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;
    білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
    қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
    Білуге тиіс:
    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
    оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
    өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламалары;
    өндіріс технологиясы, жабдық, техника және оларды техникалық пайдалану ережесі;
    педагогика, психология негіздері, білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері;
    педагогикалық этиканың нормалары;
    еңбек туралы заңнама. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
    Біліктілікке қойылатын талаптар:
    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
    және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
    1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
    4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6) 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) біліктілік тестілеу сертификаты;
    10) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480;
    11) түйіндеме;
    12) қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
    Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады. Тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну 4), 5), 6), 7), 8 ) және 9) көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы тармақтың талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен куәландырады.
    Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Республика заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар колледждің ресми сайтында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижені беру Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Б. Соқпақбаев көшесі, 19 ғимарат мекенжайы бойынша қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 91-84-60, 91-84-62
    Құжаттарды қабылдау мерзімі: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, 2024 жылғы 16 қыркүйектен 2024 жылғы 25 қыркүйекті қоса алғанда, жүргізіледі, 2 (екінші) қабат, 215 кабинет.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ