Біртұтас тәрбие бағдарламасы: аясындағы тәрбие сағаттары

Астана қаласы әкімідігінің «Техникалық колледжі» студенттеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді.

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ал келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын – мемлекеттің болашағы.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолдары түсіндірілді. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсінуіміз және түсіндіруіміз қажет.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ