2024 жылдың 18-24 қазан аралығында колледжімізде Арнайы пәндер апталығы табысты өтті. Бұл апталық білім беру сапасын арттыру, оқытушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және жас мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты — оқытушылардың біліктілігін арттыру
Арнайы пәндер апталығы аясында оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін талқылады, жаңа білім беру тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, жас мамандарға ерекше назар аударылып, олар үшін пайдалы білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берілді.
Іс-шаралар бағдарламасы
1. Круглый стол «Педагогикалық тәжірибені талқылау және жинақтау» (21 қазан, 13:30)
2. Дебат «Роботтық жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері» (18 қазан, 12:00)
3. Ашық сабақ «Қабырғалық электродтардың мақсаты. Электрод түрлері. Дәнекерлеу сымдары» (22 қазан, 15:20)
4. Ашық сабақ «1000 В жоғары құрылғыларды электр жабдықтаудағы сұлбалар» (23 қазан, 15:20)
5. Семинар «SCAFFOLD карталарын қолдану» (24 қазан, 12:00)
6. Ашық сабақ «Теміржолдардағы орындарды қоршау жөніндегі нұсқаулық және қол сигналдары, өрт кезіндегі алғашқы көмек» (24 қазан, 15:20)
7. Тәрбие сағаты «Менің мамандығым — менің мақтанышым» (24 қазан, 14:00)
8. Қорытынды жиын, талқылау (24 қазан, 16:30)
Апталықтың соңында жалпы кездесуде өткен іс-шаралардың қорытындылары шығарылып, болашаққа арналған ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.