Колледжбен бірлесіп № 3 емхана профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері «Мінез-құлық қауіп факторы-темекі шегу», «Алкоголизмнің алдын алу»тақырыбында техникалық колледждің 1 курс студенттері арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар барысында алкоголизмнің алдын алу, дене белсенділігінің денсаулық пен қалыпты өмір үшін маңыздылығы мәселелері айтылды. Тарихи мысалдармен алкольді теріс пайдаланудан бас тартудың маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. Студенттермен онкологиялық құрылымдардың алдын алу және зиянды әдеттерден бас тарту, пайдалы әдеттерді қалыптастыру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.