«Мінез-құлық қауіп факторы-темекі шегу» семинары

  №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері колледжбен бірлесіп техникалық колледждің 1 курс студенттері арасында «Мінез-құлық қауіп факторы-темекі шегу» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар барысында темекі шегудің алдын алу, темекі шегудің зияны, сондай-ақ темекі өнімдерінен тікелей туындаған аурулар туралы сұрақтар қойылды. Студенттермен өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын адамдар санының темекі өнімдерін пайдаланатын адамдар санына тәуелділігі туралы, сондай-ақ никотинді қанға жеткізудің қазіргі заманғы түрлері-электронды темекі, вэйптар және қыздырылатын темекіден жасалған бұйымдар туралы, зиянды әдеттерден бас тарту және олардың қалыптасуы туралы хабардар болу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.              

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ