2019 жылдың 17-қазан күні колледжіміздің І-курс білім алушыларымен Қазақстан Студенттері Альянсы Президенті Ілияс Түстікбаевпен ашық кездесу ұйымдастырылды.Бұл кездесу барысында Ілияс Түстікбаев студенттік өмірге кеңірек тоқталды. Түрлі тақырыптар қозғалып, студенттермен емін-жарқын әңгіме айтылды. Мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктер, тәжірибелерден өту, шәкіратқы және жатақхана мәселелері туралы сөз қозғалды. Білім алушылар толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.
2019 жылдың 17-қазан күні колледжіміздің І-курс білім алушыларымен Қазақстан Студенттері Альянсы Президенті Ілияс Түстікбаевпен ашық кездесу ұйымдастырылды.
