2019 жылдың 6 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК акт залында 1 курс білім алушыларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен Адалдық сағаты өткізілді. Көзделген іс-шараның мақсаты: Білім алушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж. Шаймарданова адалдық, сенім, парасаттылық, әділдік, жемқорлық ұғымдары туралы түсінік бере отыра, жемқорлыққа қатысты статистикалық мәліметтер келтірілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектептер клубы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері туралы ақпараттар беріліп, мақсат-міндетттері айқындалды. Ұлы ғұламалар Абай, Әбу-Насыр Әл Фараби, Шәкірім Құдайбердіұлы т.б. қанатты сөздері тақырыпқа арқау болып, білім алушылардың өз пікірлерімен бөлісуіне мүмкіндік берілді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Б. Қайырбеков сыбайластық жемқорлық қарсы фактілер жөнінде мәліметтер келтіре отырып, білім алушыларға құқықтық бағытта бағыт-бағдарлар берді.