2020жылдың 03-ақпан күні колледжімізде “Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша он күндіктің ашылу салтанаты өтті.
Колледжіміздің басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Абдрахманова өзін-өзі тану пәні он күндігінің ашылу салтанатымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.Өзін-өзі тану пәні оқытушылары өздерінің жылы тілектерінің арасында «Өзін – өзі тану» пәнінің өзге пәндерден ерекшелігін және адамгершілік қасиеттердің барлық құндылықтарының кәусәр бұлағы екендігін айтты. Іс-шара колледжіміздің акт залында білім алушыларға бейнекөрсетілім көрсетілімімен жалғасын тауып, білім алушылар өз ой-пікірлерімен, тілектерін білдірді.