Жас мамандар мектебі — оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі.
«Маған айтып берсең — ұмытып қаламын,
көрсетсең — есімде сақтаймын,
өзіме жасатсаң- үйренемін»
Конфуций
Ұстаз болып оқу орнының табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Жас маман болып келген оқытушыларға педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет.
Қазіргі таңда келген жас мамандар жаңа технологияны жақсы меңгегенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Жас мамандардың оқу орнына келгені қуаныш, білім алушылар үшін де, ұжым үшін де.
Жас маманның ең бірінші ұжымда бейімделе алуына назар аударамыз. Колледждің жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жасай отырып, қиындықтардың алдын алудамыз. Осы орайда жас мамандарды кәсіптің қыр-сырын меңгеруде жетекшілік ететін тәлімгерлердің орны ерекше. Конфуций қағидасына сай тек сөзбен емес, кәсібі тұрғыдан, әрекетімен үлгі бола отырып жас маманмен бірлесе жасаған жұмыс қана сапалы нәтиже әкеледі.
Жүйелі жұмыс жасай отырып, нәтижеге жету мақсатында Жас мамандар мектебінің жылдық жоспары құрылды.
Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету, ізденіске жетелеу.
Міндеттері:
— жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік, психологиялық көмек көрсету;
— нормативті- құқықтық құжаттармен таныстыру;
-сабақ типологиясы туралы түсінік қалыптастыру;
— заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдануға дағдыландыру;
— өзін-өзі үзбей жетілдіру дағдысының қалыптасуына жағдай жасау;
-педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйрену –меңгеру – өмірге ендіру –дамыту;
-психологиялық қолдау көрсету.
Жұмыс бағыттары:
- Колледждің үздік оқытушыларының тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық шеберлікті меңгеруде жас мамандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру.
- Тәжірибелі педагогтардың шеберлік сабақтары мен ашық сабақтарын өткізуі.
- Жас мамандарды педагогикалық кеңестерді, семинарларды, конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысына тарту.
- Жас мамандардың сабақтарына қатысу.
- Жас маманның жұмыс нәтижелерін бақылау.
- Жас мамандардың оқу -әдістемелік кешенін әзірлеуді ұйымдастыру.
2023-2024 оқу жылы
ЖАС МАМАНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТІЗІМІ
№ | Аты-жөні | Дәріс беретін пәні | Педагоги- калық өтілі | Тәлімгері |
1 | Мухамеджанова Кымбат Руслановна | Спец дисциплины | 1 жыл | Рахимбекова Насип Талгатовна |
2 | Осипова Мөлдір Қаржаубековна | Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы | 2 жыл | Махметова Жанаргуль Койшыбаевна |
3 | Имамбаева Аида Мураткызы | Информатика | 1 жыл | Есенгалиева Тойжан Койшыбаевна |
4 | Нышанбек Аяулым Усенқызы | Психология | 2 жыл | Мырзалиева Молдир Мырзалиевна |
5 | Каналбек Назерке Ерболқызы | Спец дисциплины | 0 | Калменбаева Жанна Майдановна |
6 | Саяхатқызы Ақтолқын | Спец дисциплины | 0 | Джункабаева Замира Арапбаевна |
7 | Кеңесұлы Даулет | Өндірістік оқыту шебері | 0 | Абдрахманов Досымбай Кадырович |
8 | Жанысбек Асылзат Әсетілләқызы | Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы | 0 | Жабинова Анар Динмуханбетовна |
9 | Аманбай Әсем Бағдатқызы | Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы | 0 | Жабинова Анар Динмуханбетовна |
10 | Расол Аймөлдір | Спец дисциплины | 0 | Бакбергенова Карлыгаш Ажибековна |
11 | Данай Қызайым | Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы | 1 | Жабинова Анар Динмуханбетовна |