2019жылдың 27-қараша күні колледжішілік «Үздік топ жетекші-2019» байқауы өткізілді. «Үздік топ жетекші-2019» байқауына барлық топтардың топ жетекшілері қатысты.Байқау кезеңдері: бірінші кезең бойынша топ жетекшілер папкасы, тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар есебі қарастырылды; екінші кезең таныстыру кезеңі болды және соңғы үшінші кезеңде топ жетекшілерге педагогикалық жағдаяттар бойынша сұрақтар қойылды. Әділ-қазы шешімі қорытындысы бойынша І-орынды Махметова Ж.Қ.ІІ-орын Мукушева Р.Ж.ІІІ-орын Алиева С.А. иеленді. Жаналина Г.К. «Шығармашыл топ жетекші» номинациясымен, «Жаңашыл топ жетекші» номинациясына Ахметова Г.К. ие болса, алғыс хаттармен Есенгалиева Т.К. Мухамедиева К.Г., Каленова И.А. марапатталды.
Үздік топ жетекші-2019
