2020жылдың 28-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық колледжі базасында Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары арасында қалалық «ҮЗДІК КУРАТОР-2020» байқауы өтті. Колледжіміздің «ҮЗДІК КУРАТОР-2019» байқауының жеңімпазы Махметова Жанаргуль Қойшыбаевна колледжіміздің мəртебесін асқақтатып, топ жетекшілік жұмысында алға қойған мақсат-міндеттерімізді жоғары дəрежеде көрсете білді.Жанаргуль Қойшыбаевна сізді «ҮЗДІК КУРАТОР-2020» атағына ие болған жеңісіңізбен шын жүректен құттықтай отыра,сізге толағай табыстар мен қажымас қайрат тілейміз!
ҮЗДІК КУРАТОР-2020
