14.02.2023 ж. №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері техникалық колледждің 1 курс оқушылары арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында туберкулездің алдын алу, дене белсенділігінің денсаулық үшін маңыздылығы мәселелері айтылды. Туберкулезге қарсы вакцинацияның және жыл сайынғы флюорографиялық зерттеулердің маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. Студенттермен туберкулездің алдын алу және зиянды әдеттерден бас тарту және пайдалы әдеттерді қалыптастыру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.