Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.
Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі — перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.
Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда-дей келе, колледжімізде
тіл мерекесіне орай «Тілім менің -тірлігімнің тірегі» тақырыбында
бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
білімалушыларды Ана тілінің қадір — қасиетін түсіне білуге ұғындыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.