Бүгін Техникалық колледжде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі ерекше асқақ ниетпен аталып өтілді.Мерекелік іс-шара ұлттық нақышта ұйымдастырылып, рухани құндылықтарымызд жастарға жан-жақты қырымен көрсетуге тырысқан колледж ұжымына көрермендер шынайы ризашылығын білдіріп жатты. Колледжімізде 18.03.2022 жылы «Армысың,әз-Наурыз!» тақырыбында ұжым қызметкерлері арасында Мерекелік сайыс өткізілді.
Іс-шара барысында Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын,адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту,қазақ халқының байырғы,ізгілікті ұлттық салт-дәстүрін мейлінше насихаттап,келбетін танытып,халықтық мұраларға мән берілді.
Ұлыстың ұлы күні- Наурыз құтты болсын!








