02.03.2023ж. Астана қаласы № 3 қалалық емхананың алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологымен бірлесе отырып колледждің 1-курс білім алушыларына «Стресс және одан шығу жолдары» тақырыбына тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Тренинг мақсаты: білім алушыларға позитивті ойлауын қалыптастыру, кәсіби дағдарысты алдын-алу, қарым-қатынас мәселелерін шешу. Тренинг барысында ойындар өткізіліп, білім алушылар ризашылығын білдірді.


