«Қош келдің берекеге толы, нұрлы Наурыз!»

Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесіне орай салтанаты жарасты, мәртебесі келісті іс-шара өтті. Оқытушылар мен студенттер қазақтың ою-өрнегі бар ұлттық киімдерді киіп, мерекенің сәнін кіргізді. Колледж ұжымы «Қош келдің берекеге толы, нұрлы Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, қойылымдармен шектелмей әр колледж бөлімі өз өнерін ортаға салды. «Сүйінші! Сүйінші! Наурыз келді!» деген ұранмен студенттер бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құтықтады. 14 наурыздан-«Көрісу» күнінен бастап ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер іс-шаралары ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттер бірігіп бесік той мен тұсаукесер рәсімін, қыз ұзату мен беташардың әдебін барлық салт-дәстүрлерді сақтай отырып көрермендер назарына паш етті. Әз-Наурызға арналған ду-думанға Қадір ата мен Наурыз әже келіп, шашу шашып «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген ақ батасын берді. Бұл шараға қатысқан әрбір студент өзіне керегін алды десек те болады. Мерекелік концертте қазақ халқының сал- дәстүрі терең дәріптелді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ