27.03.2023ж. колледжде «Оқытушының психологиялық әл-ауқаты» атты тақырыпта оқытушыларға тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты: психикалық денсаулықты сақтау және нығайту, стресстік жағдайлардың, оқытушылардың эмоционалдық күйіп қалудың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру. Оқытушының психологиялық әл-ауқатын жақсарту.
Тренинг барысында оқытушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылды. Оң эмоционалды күй қалыптастырылды. Психологиялық әл-ауқатты сақтау тәсілдермен таныстырылды. Психолог тренингке қатысушылардың өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеруге көмектесіп, қиын жағдайларда психикалық тұрақтылықты арттыратын әдіс-тәсілдермен таныстырды. Оқытушылардың эмоционалды мәдениетінің деңгейін арттырды.






