Астана қаласы «Техникалық колледжі» «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің VІІІ шақырылымының депутаттары Нұрымова Гүлдара Алданышқызы, Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы, Данабек Ержанұлы Исабеков, Жарқынбек Амантайұлы және мемлекет және қоғам қайраткерлері Динар Жүсіпәліқызы құттықтап келді. Қадірлі қонақтар колледжді аралап, құзіреттілік орталығын, арнайы пәндер кабинеттерін аралап, колледж өмірімен танысып, арнайы мерекелік концертке қатысты. Мерекелік іс-шарада құттықтау сөздерін сөйлеп, «Ұстаздарға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріңізге табыс тілейміз және де еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін» деген тілектерін арнады.
Композиторлар Одағының мүшесі, ақын — Кентау Назарбек ағамыз да жастарды өнерге, білімге құштар болуға шақырып, шабыттандырды.
«Ұстаздар күні»
![](https://techcollege.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-17.12.55-1.jpeg)