15 тамыз 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған Республикалық тамыз форумының 3 панельдік секциясы өтті. Панельдік секция жұмысының мақсаты-мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қарау. Секция жұмысына 800-ден астам адам қатысып, соның ішінде 60-жуық қатысушылары Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылары мен педагогтерін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» қарсы алып, шеберлік сабақтарын өткізді. «Серіктестік аясында колледж және бизнес құрылымдары» шеберлік семинарында серіктестіктеріміз өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар колледждің техникалық-материалдық базасымен, құзіреттілік орталық пен арнайы жабдықталған зертханалық кабинеттерді аралап, арнайы пән оқытушылары мен шеберлері шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасып, қонақтарымыз алғыстарын білдірді.