Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК жанындағы
Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің атқарған іс-шаралар
ЕСЕБІ
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың жолдауында Техникалық және кәсіби білім беру саласын дамытуды жүзеге асыру бойынша негізгі бағыт-бағдар айқындалып, алдағы жылдарға жоспар жасағаны белгілі. Бүгінгі таңда техникалық және кәсіби білім берудің алдында үлкен міндеттер қойылып отыр. Осы мақсатта Астана қаласы әкімдігінің МКҚК «Техникалық колледж» жанындағы «Архитектура және құрылыс» бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі «07321000-Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша бірқатар жұмыстар жасалды. Атқарылған іс-шараларға тоқталып өтейік, Республикалық әдістемелік бірлестігі «Заманауи білімдегі тиімді серіктестік — білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру факторы» — атты республикалық онлайн-форум өткізді. Республикалық онлайн-форумға саясаттанушы, қоғам қайраткері, Ғылым және жоғары білім министрі, «Қазақстандағы жаңа мамандықтар атласы» жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек «Жаңа мамандықтар атласы – жастардың болашағы» атты тақырыпта ең өзекті мәселе туралы айтып өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестеріміз WSK жобасының жетекшісі, «Талап» КЕАҚ менеджері Омаров Эльнур Жумагелдиулы, «AilinEx» ЖШС директоры Тулепеков Валихан Жумабаевич, «ҚР лифт компаниялары қауымдастығы» ЗТБ БӨБ төрағасы Құттыбаев Нұрлан Сәрсенбайұлы және Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, «Архитектура және құрылыс» бейіні бойынша республикалық әдістемелік бірлестігінің мүшелері қатысты.
ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде «Talap»КЕАҚ келісімшарты негізінде «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жұмыстары жасалынды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 4 желтоқсанындағы № 665 бұйрығы негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын сараптау жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқыту нәтижелеріне бағдарланған және тиісті кәсіптік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ қазіргі заманғы еңбек нарығының сұраныстарын ескеретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартуға ерекше назар аударылды. Құзыреттілікке негізделген әзірленген модульдік білім беру бағдарламаларының негізгі және принципті сипаттамасы олардың мазмұнында жұмыс берушілердің болашақ мамандардың құзыреттеріне қойылатын талаптарын, қазіргі уақытта да, перспективада да көрсету болып табылады. Сонымен қатар, типтік жоспарлар, алдыңғы басылымдардан айырмашылығы, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасаушыларға әлдеқайда еркіндік пен тәуелсіздік беретін етіп жасалған. Осы мақсатта колледждің Қамқоршылық кеңесі жоспарға сай оқу бағдарламаларын жетілдіріп, түпкілікті бекіту бойынша ұсыныстарды қарастырады.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жасалды. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі ҰТО) тапсырмасы бойынша педагог қызметкерлерді бейіндік бағыттар бойынша аттестаттауға арналған тест тапсырмаларының алғашқы сараптамасы жүргізілді. Тест тапсырмаларын әзірлеуге колледж оқытушылары Кенжебекова Г.С мен Бисенгалиева С.М орындады. Сараптамаға ҰТО-ға сарапшы ретінде колледждің арнайы пәндер оқытушысы Бакбергенова Карлыгаш Ажибековна қатысты.
Оқу әдістелемелік бірлестігі «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығын оқытуда заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері» атты вебинар өткізді. Мақсаты: теория мен практиканы ұштастыру, кәсіптік шеберліктерін дамыту, жетілдіру, тәжірибе алмасу. Вебинарға әлеуметтік серіктестіктер Қазақстандағы Mitsubishi Electric компаниясы, «ҚР лифт компаниялары қауымдастығы», «Караганды Лифт» ЖШС және «АстанаПрофи» қалалық шаруашылық колледжі, «Шахтинск технологиялық колледжі» және «Техникалық колледжі» колледждің әдіскерлері мен арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері қатысты. Тәжірбие алмасу мақсатында төмендегі мәселелер бойынша пікір алмасты: Әлеуметтік серіктестіктер арқылы, кәсіпорыннан білікті мамандарды тарту, атаулы мамандық бойынша қалалық, аймақтық, республикалық сайыстар өткізу, WorldSkills чемпионатына құзіреттілікті ұсыну, жаңғыру мен техникалық инновацияларды ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны жаңарту болып табылады.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-Колледж ) базасында Ofe Elevators Ham Young Cher (Хам Ен-Чхер) компаниясының президенті бастаған Корея Республикасының инвесторлар тобымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді. «Халықаралық ынтымақтастық» колледжінің кластерін жүзеге асыру аясында Ofe Elevators компаниясының президенті Хам Ен-Чхер мен Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Кездесу барысында тараптар серіктестіктің келешегін талқылады. Оңтүстік кореялық компаниясы кадрларді даярлау, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, Азия даму банкінің (АДБ) өкілдерімен, сондай-ақ Білім саласындағы ынтымақтастыққа қатысты ҚР Ағарту министрлігінің «Талап» КЕАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Қонақтар машина жасау технологиясы және лифт шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау кезінде ғылыми-зерттеу бағыты саласында қызығушылық танытты.
2022 жылғы 15 қарашада «Жұмыс берушілер күні» аясында «Түлектерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша білікті кадрлар даярлау» атты іс-шара өтті, оған Астана қаласының Бизнес өкілдері, лифт компаниялары, «Атамекен» ӨКП, «Талап» КеАҚ және БАҚ өкілдері шақырылды. Іс-шара аясында жұмыс берушілерге арналған колледж бойынша экскурсия, студенттердің техникалық шығармашылық көрмесі, «Нақты өндірістегі кәсіби дағдыларды арттыру»-практика қорытындысы бойынша топ студенттерінің презентациялары, педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен сұхбат алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. ҚР Білім Министрлігінің, Астана қаласы Білім басқармасының және колледжінің үздік жұмыс берушілері Алғыс хаттарымен марапатталды. «Казинтерлифт» ЖШС, «Vira-A» ЖШС-мен меморандумдарға қол қойылды.
Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі өз жұмысын одан әрі жандандырып, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдіреді.