Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Астана қаласы Техникалық колледж қабырғасында «AMANAT» партиясы Астана қаласы, Сарыарқа аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Қайсар» әскери патриоттық жобасы аясында Астана қаласы орта мектептерінің 8-10 сынып оқушылары және колледждің 1 курс студенттері арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан қалалық сайыс өткізілді. Аталған сайыстың мақсаты: әскери-патриоттық тәрбие деңгейін арттыру және жастардың спорттық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Сайысқа қаламыздың 5 ауданы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра аудандарынан 29 команда, 60 жуық жас мергендер қатысты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

