2023 жылғы 07 маусымда «Техникалық колледж» және « Құқық» қорымен бірлесіп Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Шрахметова Гүлмира Тілеуғалиқызын студенттермен кездесуге шақырды. Кездесу тақырыбы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау кезіндегі жауапкершілік шаралары», «Кепілгер». Зорлық-зомбылықтың алдын алу және есірткіге қарсы заттар колледждің 1-2 курс студенттері үшін өте өзекті.Кездесу барысында студенттер жәбірленуші, тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткі, электрондық темекі, моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян, заң көмегін көрсету, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілері сияқты түйінді сөздердің ұғымдары, қарастырылып отырған тақырыптардың мағыналарын талқылады. Қатысушылардың назарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткінің алдын алу бойынша слайдтар мен роликтер көрсетілді, мысалдар келтірілді, барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.