Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні колледжімізде «Отбасы-жастардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың белсенді субъектісі» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Ата-аналар жиналысында бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысытың нәтижесі талқыланды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Касымова А.С «Қылмыс және жастар» тақырыбында баяндама жасады. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналар жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар ата-аналарға колледждің ішкі тәртіп ережелерімен бөлім меңгерушілері танысытырып студенттердің міндеттері мен құқықтары туралы ақпарат берілді.
Жиналысқа қатысқан ата-аналар өздерінің ойда жүрген сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.
Жалпы колледжішілік жиналыстың қорытынды бөлімінде, ата-аналар жекелей топ жетекшілерімен оқу аудиторияларына барып, жекелей студенттердің оқу-тәрбие үлгерімімен танысты.