Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні қазақтың әйгілі жырауы, ақын, сазгер, әнші Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерей тойы аясында «Отаным – деп, шырқаймын» атты кездесу кеші өтті. Абыз ақын 92 жас жасап, соңына баға жетпес асыл мұра қалдырды — он жеті дастан, жүз елу ән, оннан аса айтыс, мыңға тарта өлең, халық қазынасынан жинақтаған қат-қат қолжазбаларын арнайы зерттеп зерделеуді қажет етеді. Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты Кенен Әзірбаевтың артына қалдырған мол мұрасына жаңа бір қырынан қарап, жастар арасында ұлттық өнерімізді дәріптеу. Бүгінгі кешіміздің арнайы қонақтары :
1. Кенен атамыздың ұрпағы Бақытжан Кененұлы және келіні Бақытжан Сағынбекқызы
2. Кенен атамыздың немересі — Мұхтар Әзірбаев
3. Қазақстан Парламенті Сенаторлар кеңесінің мүшесі , қоғам қайраткері -Нукетаева Динар Жүсіпалиевна
4. «Аманат» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының жауапты хатшысы — Шыма Ербол Маралұлы
5. Журналист, қоғам қайраткері Қадыр Әлімқұлұлы
6. Мәдениет министрлігі , мәдениет комитеті төрағасының орынбасары -Мақсат Арғынбекұлы
7. Композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, қазақ өнерінің қайраткері,сазгер — Назарбек Кентау Қуантайұлы
8. Дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнер магистрі — Ерболат Шалдыбеков
9. Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші — Анар Құмарова
10. Қазақстандық студенттер арасындағы мәдениет және спорт федерациясының президенті – Ардақ Құрмашұлы Бегатаров
11. Әлеуметтік серіктес — Уалихан Жумабаевич Туленбеков
12. Қазақстандық жас әнші, қазақ елінің мақтанышы, әлемдік байқаулардың жеңімпазы Максим Ержан.
Өнер сүйер қауым өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ Кенен атамыздың баласы Бақытжан ағамыз әйгілі жырау, ақын, сазгер, әнші Кенен атамыз туралы естеліктерімен бөлісті.

