Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Отан.Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында жеңіл атлетикадан 3 км қашықтықта жүгіру бойынша марафон өтті.
Марафон қорытындысы бойынша, колледжіміздің білім алушылары ГЭС-107 тобының студенті Иса Серік жүлделі 1 орынға және де ЭЖҚ-102 тобының студенті Альшер Бексұлтан 3 орынға ие болды. Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!