4.05.2023ж. ЖОМ жоспарына сәйкес колледждің жас педагогтары «Арнайы пәндер сабақтарындағы цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбында семинарға қатысты. Оның мақсаты тиімді жұмыс әдістерін қолдануды, мобильді технологиялар мен веб-қызметтерді пайдаланудың өзектілігін, оларды оқу процесінде оқушылар мен оқытушылар үшін пайдаланудың артықшылықтарын ашу болды. Арнайы пәндер оқытушысы Калменбаева Ж.М. Білім беру үдерісін қызықты әрі серпінді ететін көрнекі дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесін меңгеру жөнінде өз тәжәрибесімен бөлісті. Семинар іскерлік және сындарлы атмосферада өтті.