Бұл тапсырманы орындау үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізіліп бекітілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы тек мектептер де ғана емес колледж және ЖОО- да өз жалғасын тапты. “Оқуға құштар мектеп” жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген. Осыған орай біздің білім ордамызда да «Оқуға құштар бол!» бұрышы ұйымдастырылды және білімгерлерге таныстырылды! Сонымен қатар “Оқы және өзгеге сыйла” атты Bookcrossing кітап алмасу бойынша арнайы орындар ұйымдастырылып, оқырмандар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын ұсыну мүмкіндігі туындады.