Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.
«Оқуға құштар колледж» жобасының негізінде білім ордамыздың қабырғасында «Топтың үздік оқырманы» сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында білім алушылар жоғары әсер алды, барлықтары ат салысты. Сайыс соңында жеңімпаздар аталып және олар дипломдармен марапатталды.
