1. Педагог-ұйымдастырушы, саны 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы , Нұр-сұлтан қаласы, 187 көше, 19 үй, индекс 010000, байланыс телефоны 8 (778)-598-5272
Колледждің электрондық мекен-жайы: proftex4@mail.ru
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы “28” наурыздан ” 11 ” сәуірге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктерінің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады.
Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: көркемдік-шығармашылық немесе спорттық-туристік және тағы да басқа.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.
Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік бастамаларын қолдайды.
Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.
Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Педагог мәртебесі туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламалары,
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері,
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе
педагог-модератордың біліктілік санатының сертификаты,
оқытушы-сарапшы, оқытушы-зерттеуші, оқытушы-шебер ( егер бар болса);
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау: индекс 010000,Нұр-сұлтан қаласы, 187 көше, 19 үй, 314 бөлмеде тіркеледі, байланыс телефоны 8 (778)-598-5272
Колледждің электрондық мекен-жайына құжаттар қабылданады: proftex4@mail.ru
Құжаттарды қабылдау 15 тәлік аралығында жүргізіледі