Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Сарыарқа аудандық ПБ ЖПҚБ УПП-63 полиция капитаны Тәңірбергенов Алмат Оразалиевич,учаскелік полиция капитаны Рустем Нуралин және инспектор Сәрсен Мырзакелді Берікұлының қатысуымен бірге жоспар бойынша кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, білім алушыларға спирттік ішімдіктер мен темекі, насывай тауарларын тұтынуға тыйым салынғаны туралы айтылып, буллинг және кибербуллинг, лудомания тақырыптары да қарастырылды.Ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті.