Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғам мен сезімді; халықтардың ұлттық мәдениеттерінің құндылықтарына көркемдік-эстетикалық бейімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағытты іске асырудың негізгі өткізілген іс-шаралар: Музейлерге, театрға экскурсиялар, әскери кино көруге де барды. 1КБС-26, ЭЖҚ-04 және 1ЭМ-05 топтары Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайына барды. «WorldSkills Kazakhstan 2023» Халықаралық чемпионаты қарсанында қатысушылардың жұмыстарымен танысып, тәнті болды.