«Оқуға құштар колледж» жобасының негізінде колледждің білім алушыларымен «Кітапхана мені шабыттандыратын орта» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Кітапханалық сабақта Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті алынды және «Мен оқыған кітап» буктрейлерімен сүйемелденді. Сонымен қатар осы кітапханалық сабақта «Менің қиялыммен ұштасқан ойлар» тақырыбында білім алушылар «Ұшқан ұя» повестінің кез кезлен абзацына кері байланыс бере отырып, өздерінің осы аталған шығарманы жақсы меңгергендерін көрсетті.
Сабақтың мақсаты: Білімалушылардың кітап оқуға деген қызығушылық деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, оқылған кітап бойынша ой-пікірлерін қалыптастыру;Кітапхана туралы білімдерін кеңейту.