2019 жылдың 12-қазан күні колледжімізде «Көпмəдениетті тұлғаны қалыптастырудағы ата-ананың рөлі тақырыбында» жалпы колледішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Колледж басшысы сөз алып, ата-аналарға оқу орнының шығу тарихына шолу жасап, ата-ана колледж бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты. Колледжіміздің басшынының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Абдрахманова ата-ананың міндеті: білім алушының топ жетекшісімен тығыз байланыста болуы; білім алушының сабағын қадағалау; колледжішілік ата-аналар жиналысына қатысу болып табылатындығын ескертіп, колледждің ішкі тәртібімен таныстырды. Колледж психологы білім алушылардың бейімделуі бойынша бірнеше қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ оның барлығы уақытша екенін түсіндірді.Ата-аналар топ жетекшілерімен таныстырылып, аудиторияларға топтық жиналысқа қатысты.Жиналыс барысында көптеген ой-пікірлер, сұрақтар айтылып, өз шешімін тапты.
«Көпмəдениетті тұлғаны қалыптастырудағы ата-ананың рөлі тақырыбында»
